Жаңалықтар
2022 жылдың 12-18 қыркүйек аралығында Нұр-Сұлтан қаласында тірек-қимыл аппараты зақымданған және көру қабілеті төмен спортшылар арасында тоғызқұмалақтан Қазақстан Республикасының командалық Чемпионаты өтті. Жамбыл облысының Дене мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған спорт клубының көру қабілеті төмен спортшылары 1-ші орынды жеңіп алды. Команда құрамы: Шәміл Ришат, Таласбаев Бекзат, Игиликова Мадина, Кутубай Аружан. Көру қабілеті төмен спортшылар арасында тоғызқұмалақтан […]
Кошице (Словакия) қаласында 10-11 қыркүйек күндері арбадағы спорттық биден Әлем Кубогы өткен болатын. Әлем Кубогының иегер атануға жалпы саны 12 командадан 200 жуық спортшы қатысқан-ды. Байрақты бәсекеде ел намысын 11 спортшымыз қорғады. Жамбыл облысының Дене мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған спорт клубынан екі спортшымыз бақ сынап керемет нәтижеге қол жеткізді. Спортшылардың нәтижесі: Күміс жүлде (Duo Standard […]
2022 жылдың 5-9 қыркүйек аралығында Шымкент қаласында есту қабілеті зақымданған спортшылар арасында Қазақстан Республикасының III Спартакиадасы өткен болатын. Төрт жылда бір рет өткізілетін жарысқа еліміздің 18 өңірінен 800-ден астам спортшы қатысты. Спартакиаданың салтанатты ашылу рәсімінеҚазақстан Республикасы Мәдениет және Спорт министрлігі Спорт және дене шықтыру істері комитетінің төрағасы Самат Ерғалиев қатысып, спортшыларға сәттілік тіледі. Аталған Спартакиадаға […]
2022 жылдың 27-31 тамыз аралығында Ақтау қаласында пара пауэрлифтингтен Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Чемпионатқа Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары және Алматы, Қызылорда, Қостанай, Жамбыл, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Ақтөбе, Ақмола, Атырау, Қарағанды, Жетісу, Түркістан облыстарынан 165 спортшы қатысты. Дене мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған спорт клубынан тоғыз спортшы қатысты. Жарыстың нәтижесі Карибай Ерболат […]
2022 жылдың 20-23 тамыз аралығында Хошимин (Вьетнам) қаласында пара таеквондодан ашық Азия чемпионаты өтті. Жарысқа 15 мемлекеттен 65 спортшы қатысты. Қазақстан Республикасының құрама командасынан 10 үздік спортшы ел намысын қорғады. 15 елдің ішінде, пара таеквондодан Қазақстанның ұлттық құрама командасы 2 алтын, 4 күміс және 1 қола медальдарды жеңіп алып командалық есепте 3 орын иеленді. Споршылардың […]
Шахматтан есту қабілеті төмен ерлер, жастар және жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасы чемпионаты 2022 жылдың 10-17 тамыз аралығында Тараз қаласы, «Самал» емдеу-сауықтыру орталығында өтті. Чемпионатқа: Нұр-Сұлтан, Алматы Шымкент қалалары мен Алматы облысы, Ақтөбе облысы, Жетісу облысы, Қарағанды облысы, Қостанай облысы, Қызылорда облысы, Маңғыстау облысы, Түркістан облысы, Шығыс Қазақстан облысы, Жамбыл облыстарынан барлығы 56 спортшы қатысты. Оның […]
Голболдан көру қабілеті төмен спортшылар арасында 2022 жылдың 10-14 тамыз аралығында Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан Республикасы чемпиоанатының 2 айналымы өтті. Чемпионатқа Алматы, Шымкент қалалары мен Алматы, Атырау, Ақтөбе, Қарағанды, Түркістан, Жамбыл облыстарынан командалар қатысты. Екі айналымның қорытындысы бойынша Жамбыл облысының командасы 9 ойында жеңіп 2022 жылдың ел чемпионы атанды. Сонымен қатар, Алматы облысы 2 орын және […]
2022 жылдың 1-5 тамыз аралығында Қостанай қаласында еркін және грек-рим күресінен есту қабілеті төмен жасөспірімдер, жастар және U-23 жасқа дейінгі жастар арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Еркін күрестен U-23 жасқа дейінгі жастар арасындағы өткен чемпионатқа 10 командадан 37 спортшы қатысты. Чемпионаттың қорытындысы бойынша Жамбыл облысының спортшылары 4 алтын, 3 қола медальдарға қол жеткізді. Жастар арасында […]
2022 жылдың 11-17 шілде аралығында тоғызқұмалақтан тірек-қимыл аппараты зақымданған және көру қабілеті төмен спортшылар арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданы, Қабанбай аулында өтті. Жарысқа қатысқан командалар: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, қалалары мен Жамбыл, Түркістан, Алматы, Павлодар, Қызылорда, Қарағанды, Жетісу, БҚО, Ақтөбе облыстарынан 69 спортшы қатысты. Жамбыл облысының Дене мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған спорт […]
2022 жылдың 12 шілдесінде Жамбыл облысының әкімдігі «Дін проблемаларын зерттеу орталығының» инспекторы Бабаханов Абдувахид, спорт клуб қызметкерлері мен спортшыларына — Спортшылар арасында экстремизмнің алдын алу тақырыбында семинар өткізді.
