Тірек-қимыл аппараты зақымданған және көру қабілеті төмен спортшылар арасындағы тоғызқұмалақтан Қазақстан Республикасының чемпионаты
2019 жылдың 09-16 маусым аралығында Тараз қаласы, «Самал» емдеу-сауықтыру орталығында тірек-қимыл аппараты зақымданған және көру қабілеті төмен спортшылар арасында тоғызқұмалақтан Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.
Чемпионатқа жалпы 17 құрама командалар: Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары, Алматы, Ақмола, Атырау, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, және Шығыс Қазақстан облыстарынан барлығы 76 спортшы қатысты. (Оның ішінде: ТҚАЗ: 16 ер, 14 әйел; Көз сырқаты: 27 ер, 19 әйел).
Чемпионатты өткізуді Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі мен Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы бірлесіп жүзеге асырды.