Пауэрлифтингтен Әлем чемпионаты
2019 жылдың 12-20 шілде аралығында Нұр-Султан қаласының ЕХРО конгрес-орталығында пауэрлифтингтен жастар және ересектер арасында Әлем чемпионаты өтуде. Жарысқа әлемнің 76 елінен 462 спортшылар қатысуда.
Қазақстан Республикасының Ұлттық паралимпиадалық құрама командасы мен еліміздің басқада өңірлерінен 30 спортшы қатысып, оның ішінде 1 спортшы Карибай Ерболат Жамбыл облысының, «Дене мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған спорт клубы» КМҚК-ң спортшысы.
Жарыстың бірінші күні Жамбыл облысының спортшысы Карибай Ерболат пара пауэрлифтингтен 49 келіде жастар арасындағы Әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды.
Спортшыны дайындаған жеке жаттықтырушысы – Греев Руслан Сайдикаримович.