2026 жылғы 22–26 сәуір аралығында Қостанай қаласында сурдо жүзуден жастар арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.
Жарысқа еліміздің 8 облысынан 100-ге жуық спортшы қатысты. Дене мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған спорт клубының 7 спортшысы қатысып, жоғары нәтиже көрсетті. Команда қорытындысында 7 алтын, 11 күміс және 5 қола медаль жеңіп алды.
Жамбыл облысы жалпы командалық есепте 3-орынға ие болды.
Жекелей нәтижелер:
Альмахан Еділ – 1-орын (100 м шалқалап жүзу)
Рахметилла Сәния –2-орын (50 м еркін жүзу)
Асқар Қайрат – 2-орын (50 м еркін жүзу)
Ақберен Асылжан – 2-орын (400 м еркін жүзу)
Екінші күн:
Мырзабек Диасхан – 1-орын (50 м брасс)
Асқар Қайрат – 2-орын (200 м кешенді жүзу)
Командалық жарыс (4×50 м эстафета, еркін жүзу):
3-орын
Құрамы: Асқар Қайрат, Мырзабек Диасхан, Алтынбек Сұлтан, Усейн Жансерік
Үшінші күн:
Мырзабек Диасхан – 1-орын (100 м брасс)
Ақберен Асылжан – 2-орын (200 м еркін жүзу)
Командалық жарыс (эстафета):
1-орын
Құрамы: Рахметилла Сәния, Мырзабек Диасхан, Гумирова Адина, Асқар Қайрат
Төртінші күн:
Рахметилла Сәния – 2-орын (100 м еркін жүзу)
Мырзабек Диасхан – 2-орын (200 м брасс)
Альмахан Еділ – 2-орын (200 м брасс)
Командалық жарыс (4×100 м эстафета, еркін жүзу):
2-орын
Құрамы: Алтынбек Сұлтан, Гумирова Адина, Мырзабек Диасхан, Рахметилла Сәния
Жаттықтырушыларға ерекше алғыс білдіреміз: Усубалиев Асқар, Раисов Серик, Әбілдаев Елдос.








