Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

2026 жылдың 22–27 ақпан аралығында Астана қаласында пара пауэрлифтингтен командалық және жастар арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты өз мәресіне жетті.

Аталған додаға еліміздің 17 облысынан 135 спортшы қатысты. Чемпионатқа Жамбыл облысынан Дене мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған спорт клубының 14 спортшысы қатысып, жалпы қорытынды бойынша 10 алтын, 4 күміс, 5 қола медаль жеңіп алды.

Жастар арасында:

  • 41 кг – Айнабек Аружан – 2 күміс медаль
  • 59 кг – Медеубай Жанымхан – 1 қола медаль

Ересектер арасында:

  • 49 кг – Карибай Ерболат – 2 алтын медаль
  • 45 кг – Берімқұлова Айжан – 2 алтын медаль
  • 97 кг – Жұманов Асхат – 2 алтын медаль
  • +107 кг – Мәдижан Даурен – 1 алтын, 1 күміс медаль
  • 72 кг – Станбек Ерсен – 1 алтын, 1 қола медаль
  • 80 кг – Әмірәлі Ербақыт – 1 қола медаль
  • 54 кг – Закривидорога Руслан – 1 қола медаль
  • +86 кг – Мамучева Ирина – 1 күміс, 1 қола медаль

Командалық нәтижелер:

Ерлер арасындағы командалық есепте:

Жұманов Асхат

Карибай Ерболат

Станбек Ерсен

– 1 орын

Аралас командалық есепте:

Берімқұлова Айжан

Карибай Ерболат

Жұманов Асхат

– 1 орын

Жалпы қорытынды бойынша Жамбыл облысының ерлер құрамасы 3-орынды иеленді.

Спортшыларды жоғары деңгейде дайындаған жаттықтырушылар — Греев Руслан мен Рейсов Исламға ерекше алғыс білдіреміз.

Барша спортшылар мен бапкерлерді жоғары жетістіктерімен құттықтаймыз!