2025 жылдың 14-22 наурызы аралығында Талдықорғанда өткен пара пауэрлифтингтен командалық және жастар арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионатында Жамбыл облысының спортшылары керемет нәтиже көрсетті!
13 спортшымыз – 23 алтын, 7 күміс, 7 қола медаль еншіледі!
Жекелей көрсеткіштер:
Жуманов Асхат – екі алтын
Мәдижан Дәурен – екі алтын
Кәрібай Ерболат – екі алтын
Берімқұлова Айжан – екі алтын
Станбек Ерсен – 1 алтын, 1 қола
Закривидорога Руслан – 3 қола
Әмірәлі Ербақыт – 3 қола
Айнабек Аружан – 3 қола
Жастар арасында:
Әмірәлі Ербақыт – екі алтын
Қырықбай Дидар – екі күміс
Әбутәліпов Алинұр – екі күміс
Медеубай Жанмахан – екі қола
Айнабек Аружан – 1 алтын, 1 қола
Командалық жарыстарда:
Mix Team Event – Жамбылдық команда чемпион атанды!
Ерлер құрамасы – командалық есепте 2-орын!
Көру қабілеті төмен спортшылар арасында:
Қанатбек Санжар – 4 алтын (60 кг)
Омаров Серік – 4 алтын + Қазақстан рекорды! (515 кг, 110 кг салмақ дәрежесі)
Жалпыкомандалық есепте Жамбыл облысы – КҮМІС жүлдегер!
Спортшыларымызды Руслан Сайдикаримович Греев баптады.
Жеңісті күндеріміз көп болсын!

