2025 жылдың 7-14 мамыр аралығында Тбилиси (Грузия) қаласында өтіп жатқан пара пауэрлифтингтен Әлем Кубогында спорт клубымыздың спортшылары жоғары деңгейде өнер көрсетті!
Аталған халықаралық додаға спорт клубымыздан 5 спортшы қатысты.
Берімқұлова Айжан жоғары нәтижеге қол жеткізіп, 2 алтын медаль жеңіп алды!
Әмірали Ербақыт жастар арасында пара пауэрлифтингтен Әлем Кубогының жеңімпазы атанды!
Жұманов Асхат 97 кг салмақ дәрежесінде Әлем Кубогының қола жүлдегері атанды!
Халықаралық дәрежедегі спорт шебері ретінде Асхат үлкен күрескерлік танытып, жеке рекордын жаңартып, бұл жүлдені нағыз ерлікпен жеңіп алды!
Бұл жетістіктер — спортшылардың ғана емес, оларды дайындаған бапкердің де еңбегі!
Жаттықтырушысы — Греев Руслан.
Сенімділік, табандылық пен кәсібилік — әрбір жеңістің негізі!
Құттықтаймыз! Мақтанамыз!





