2025 жылдың 7-12 сәуір аралығында Павлодар қаласында сурдо жүзуден ересектер мен жастар және жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.
Чемпионатқа қатысқан командалар: Астана, Алматы қалалары мен Ақтөбе, Ақмола, Қостанай, Атырау, Абай, Павлодар, Жетісу, Қарағанды, Шымкент, Жамбыл облыстарынан 135 спортшы қатысты.
Дене мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған спорт клубынан 16 спортшы қатысып,
керемет нәтижелерге қол жеткізді:
10 алтын, 16 күміс, 14 қола медаль!
Ересектер арасында:
Закутняя Софья – 3 алтын
Раймбеков Руслан – 2 күміс
Васильев Виктор – 2 күміс, 1 қола
Васильева Эвилина – 3 қола
Еркімбек Мұхамед – 1 күміс
Сыдығали Маржан – 3 қола
Қанатқызы Маржан – 2 күміс, 1 қола
Жастар арасында:
Темірбек Қымбат – 2 алтын, 1 күміс
Полетаева Анастасия – 1 алтын, 1 күміс, 1 қола
Запорожцева Валерия – 1 күміс, 1 қола
Нурланұлы Мухамедзайдар – 2 күміс
Жасөспірімдер арасында:
Алтынбек Сұлтан – 1 қола
Мырзабек Диасхан – 2 алтын, 1 күміс
Рахметтила Сания – 2 күміс, 1 қола
Эстафеталық жарыстар:
4×100 м е/ж аралас (микс) – қола
4×100 м е/ж ерлер – алтын
4×100 м к/ж әйелдер – күміс
Барлық спортшыларымызды шын жүректен құттықтаймыз!
Жеңістерге жол ашқан жаттықтырушылар:
Усубалиев Асқар және Әбілдаев Елдос Раисов Серик




