2025 жылдың 20-27 сәуір аралығында Марокконың Маракеш қаласында өткен Marrakech Grand Prix – World Para Athletics сериясы өтті!
43 мемлекеттен 343 спортшы қатысқан айтулы додада клубымыздың мақтанышы Шапошникова Диана диск лақтыру бойынша күміс жүлдені жеңіп алды!
Бұл жеңіс – табандылықтың, еңбекқорлықтың және жанкешті дайындықтың нәтижесі!
Осы жетістікке жетуде зор үлес қосқан жеке жаттықтырушысы – Мамашаев Тахир Рахимовичке алғысымыз шексіз!
Жаңа белестер мен жарқын жеңістерге бірге жетейік!

