2025 жылдың 7-14 мамыр аралығында Тбилиси (Грузия) қаласында пара пауэрлифтингтен өткен Әлем Кубогы өз мәресіне жетті. Аталған додада 27 елден 140-қа жуық мықты спортшылар бақ сынады.
Спорт клубымыздың спортшылары еліміздің абыройын қорғап, керемет нәтиже көрсетті!
Қорытынды:
4 спортшы қатысып, жалпы есепте 5 алтын, 2 қола медальға қол жеткізді:
Беримкулова Айжан – 50 кг:
- Жеке сында – 2 алтын
- Әйелдер командалық есепте –1 алтын
Жұманов Асхат – 97 кг:
- Үш тәсіл сомасында – 1 қола
- Ерлер командалық есепте – 1 қола
Станбек Ерсен – 65 кг:
- 6-орын
Әмірәлі Ербақыт – 72 кг:
- Жастар арасында – 2 алтын
Спортшылардың бұл жетістігі – табанды еңбек пен кәсіби жаттығудың жемісі!
Жаттықтырушы: Греев Руслан
Жеңістеріңіз құтты болсын!
Жаңа биіктерге бірге жетейік!




