Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

2025 жылдың 04-10 наурыз аралығында Астана қаласында Орынбасаров Сұлтанбекті еске алуға арналған боччадан ашық республикалық турнирі өтті.

Ашық турнирге Астана, Шымкент қалалары мен Ақтобе облысы, Абай облысы, Атырау облысы, Батыс Қазақстан облысы, Қостанай облысы, Түркістан облысы, Жетісу облысы, Қарағанды облысы, Солтүстік Қазақстан облысы, Павлодар облысы, Маңғыстау облысы, Жамбыл облыстарынан 130-ға жуық спортшы қатысты.

“Дене мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған спорт клубы” КМҚК-нан 3 спортшы қатысып, 2 алтын , 2 күміс , 3 қола  медальға қол жеткізді!

Махмадулоева Дилафруз

— Жекелей 1орын

— Жұптық 1орын

Исакова Назгуль

— Жұптық 3орын

Бейсебаева Балжан

— Жекелей 2орын

— Жұптық 3орын

Танысбаева Айгерим

— Жекелей 3орын

— Жұптық 2орын

Жеке бапкері  Ерсай Меруертті  шын жүректен құттықтаймыз!

Спортшыларымыздың жеңістері – еңбектің, жігердің және қайсарлықтың нәтижесі! Жеңісті күндер көп болсын!