Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

2025 жылдың 3-7 мамыр аралығында Үндістанның Дели қаласында қол күресінен ересектер мен жастар арасында Азия чемпионаты өтті. Байрақты бәсекеде 17 елден 314 мықты спортшы бақ сынады.

Осы дүбірлі додада спорт клубымыздың 6 спортшысы еліміздің абыройын асқақтатып, 11 алтын , 1 күміс медаль иеленді!

Жеңімпаздар:

1 орын Абильда Серғали – CPU 60 кг (оң және сол қол)

1 орын Орынбай Ернар – PIU 70 кг (оң қол), 2 орын(сол қол)

1 орын Байсақалов Нұрсұлтан – HI 70 кг (оң және сол қол)

1 орын Мұқатай Нұржауған – PIU 60 кг (оң және сол қол)

1 орын Садырбеков Абай – CPU 80 кг (оң және сол қол)

1 орын Ратаев Адилет – PID 75 кг (оң және сол қол)

Жаттықтырушылар: Трубин Виталий мен Мойсиади Диана – чемпиондар тәрбиелеген шебер мамандар!

Бұл — тек жеңіс емес, бұл — қажырлы еңбек пен мызғымас рухтың жемісі!

Жарайсыңдар, чемпиондар! Еліміз сендермен мақтанады!