2025 жылдың 14-22 наурыз аралығында Талдықорған қаласында пара пауэрлифтингтен командалық және жастар арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өз мәресіне жетті.
Чемпионатқа қатысқан командалар: Астана, Алматы қалалары мен Алматы , Ақтөбе, СҚО, БҚО, Қостанай, Атырау, Абай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Жетісу, Түркістан, Қарағанды, Ұлытау, Жамбыл облыстарынан 150 спортшы қатысқан болатын.
Аталған чемпионатқа Жамбыл облысынан Дене мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған спорт клубынан 13 спортшысы қатысып, 23 алтын, 7 күміс, 7 қола медалдарға қол жеткізді.
Спортшылардың жекелей көрсеткіші:
– Жуманов Асхат ең жоғарғы көрсеткіш – 1 орын, тәсілдердің жиынтығы бойыша -1 орын;
– Мадижан Дәурен ең жоғарғы көрсеткіш – 1 орын, тәсілдердің жиынтығы бойыша -1 орын;
– Карибай Ерболат ең жоғарғы көрсеткіш – 1 орын, тәсілдердің жиынтығы бойыша -1 орын;
– Беримкулова Айжан ең жоғарғы көрсеткіш – 1 орын, тәсілдердің жиынтығы бойыша -1 орын;
– Станбек Ерсен, тәсілдердің жиынтығы бойыша -1 орын;
ең жоғарғы көрсеткіш – 3 орын
– Закривидорога Руслан үш тәсіл нәтижесі бойынша– 3 орын;
– Әмірәлі Ербақыт үш тәсіл нәтижесі бойынша – 3 орын;
– Айнабек Аружан ең жоғарғы көрсеткіш – 3 орын.
Жастар арасында:
– Әмірәлі Ербақыт ең жоғарғы көрсеткіш – 1 орын, тәсілдердің жиынтығы бойыша -1 орын;
– Қырықбай Дидар ең жоғарғы көрсеткіш – 2 орын, тәсілдердің жиынтығы бойыша -2 орын;
– Абуталипов Алинур ең жоғарғы көрсеткіш – 2 орын, тәсілдердің жиынтығы бойыша -2 орын;
– Медеубай Жанмахан ең жоғарғы көрсеткіш – 3 орын, тәсілдердің жиынтығы бойыша -3 орын;
– Айнабек Аружан, үш тәсіл нәтижесі бойыша -1 орын,
ең жоғарғы көрсеткіш – 3 орын.
Ерлер арасындағы командалық жарыста Жуманов Асхат, Карибай Ерболат және Станбек Ерсен сынды спортшылардан жасақталған Жамбылдық құрамы 2 орын иеленді.
Жамбыл облысының спортшылары «Mix Team Event» бағдарламасында жеңімпаз атанды! Команда құрамында Жұманов Асхат, Кәрібай Ерболат және Берімқұлова Айжан сынды спортшылар өнер көрсетіп, жеңімпаз атанды.
Көру қабілеті төмен спортшылар арасыда:
– Қанатбек Санжар 60 кг үш бағдарламасында 3 алтын және бағдарламалардың қорытындысы бойынша 1 алтын медаль иеленді.
– Омаров Серік 110 кг салмақ дәрежесінде керемет нәтиже көрсетіп, үш бағдарламаның қорытындысы бойынша 3 алтын медаль жеңіп алды. Ол 515 кг нәтижемен (Қазақстан рекордын жаңарта отырып) жалпы есепте тағы бір алтын медальға ие болды.
Сонымен қатар, жалпы командалық есепте Жамбыл облысының командасы күміс жүлдеге ие болды.
Спортшыларды жаттықтырған Греев Руслан Сайдикаримович.














