2025 жылғы 23-26 наурыз аралығында Тараз қаласында еркін және грек-рим күресінен Есту қабілеті төмен спортшылар арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.

Чемпионатқа Алматы, Шымкент қалаларынан және Ақмола, Атырау, Ақтөбе, Жетісу, Алматы, Қостанай, Түркістан, Батыс Қазақстан, Павлодар, Жамбыл облыстарынан 171-ге жуық спортшы қатысты. Жамбыл облысының спорт клубынан еркін күрестен 13 спортшы, грек-рим күресінен 9  спортшы бақ сынады.

 Еркін күрестен жеңімпаздар мен жүлдегерлер

57 кг Есжанов Габит                  1 орын

          Дүйсембиев Нұрсұлтан    2 орын

61 кг Мырзахмет Нышанбек     1 орын

70 кг Кокамбаев Жан                 2 орын

74 кг Тұрғынбай Ғасыр             1 орын

          Жамбыл Әділет                3 орын

79 кг Сабитов Бағдат                1 орын

86 кг Әлдибаев Шыңғысхан    2 орын

92 кг Жақсымбек Дәурен         1 орын

          Амангелді Нұргелді        2 орын

Командалық есеп:

Жамбыл облысы  1 орын

Шымкент қаласы  2 орын

Жетісу облысы      3 орын

Еркін күрестен барлығы: 10 медаль 5 алтын | 4 күміс | 1 қола

 Грек-рим күресінен жеңімпаздар мен жүлдегерлер

72 кг Аңсабек Рауан       1 орын

77 кг Досжанов Рауан    1 орын

Командалық есеп:

Алматы қаласы  1 орын

Жетісу облысы   2 орын

Ақтөбе облысы  3 орын

Грек-рим күресінен барлығы: 2 медаль 2 алтын Барлық жеңімпаздарды құттықтаймыз! Жаттықтырушымыз Конысбаев Ерназарға алғысымызды білдіреміз!