2025 жылдың 20-23 ақпан аралығында Семей қаласында өткен Сурдо Дзюдодан Қазақстан Республикасының чемпионатының нәтижелері

2025 жылдың 20-23 ақпан аралығында Семей қаласында есту қабілеті төмен спортшылар арасында Сурдо дзюдодан Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Бұл жарысқа еліміздің әр өңірлерінен 140-қа жуық спортшы қатысты, атап айтқанда Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен Түркістан, Павлодар, Жетісу, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Алматы, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Ақтау, Атырау, Жамбыл облыстарынан қатысушылар болды.

Жамбыл облысының спортшыларының жетістіктері:

Жамбыл облысының әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы мен «Дене мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған спорт клубы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының 18 спортшысы жарысқа қатысып, тамаша нәтиже көрсетті. Олар 6 алтын, 4 күміс, 5 қола медаль жеңіп алды.

Ересектер арасындағы жеңімпаздар:

         •        Кара оглы Фериде Яшаровна (52кг) – 1 орын

         •        Егембердиева Эвелина Александровна (63кг) – 1 орын

         •        Краморова Анна Игоревна (78кг) – 1 орын

         •        Тугелбаев Айдос Тугелбайұлы (90кг) – 1 орын

         •        Абишова Айгерим Акылбековна (57кг) – 2 орын

         •        Штырков Геннадий Сергеевич (100кг) – 2 орын

         •        Жақсылықова Жұлдыз Мұхтарқызы (63кг) – 3 орын

         •        Қалзабеков Еркін Ерланұлы (81кг) – 3 орын

         •        Кабылбеков Рахимберли Жунисович (+100кг) – 3 орын

         •        Қасымова Мадина Талғатқызы (+78кг) – 3 орын

Жастар арасындағы жеңімпаздар:

         •        Штырков Геннадий Сергеевич (100кг) – 1 орын

         •        Кара оглы Абубакир Яшарович (60кг) – 2 орын

         •        Мустафаев Саид Аманкелдиевич (60кг) – 3 орын

Жасөспірімдер арасындағы жеңімпаздар:

         •        Абишова Жамихан Талгатовна  (+63кг) – 1 орын

         •        Мустафаев Саид Аманкелдиевич (55кг) – 2 орын

Спортшылардың жаттықтырушысы:

Лукманов Хайрулла Анарбекұлы

Бұл чемпионат Жамбыл облысының спортшылары үшін үлкен жетістікке айналды. Әрбір спортшы өзінің шеберлігін, ерік-жігерін және қажырлы еңбегін көрсетті, осылайша спортта жоғары нәтижелерге жетті.