АРМРЕСТЛИНГТЕН ӘЛЕМ КУБОГЫ

Жақсылық Үшкемпіров атындағы «Тараз-Арена» спорт сарайында армрестлингтен мүмкіндігі шектеулі спортшылар арасында ұйымдастырылған Әлем Кубогында жеңіс тұғырынан көрінген спортшыларды салтанатты күтіп алу рәсімі өтті.

Ресми шарада спорт ардагері Тәуірбек Қарауылтегі жанкешті додада атой салған спортшыларды жеңісімен құттықтап, ізгі тілегін білдірді.

Салтанатты күтіп алу рәсіміне бапкерлер, спорт жанкүйерлері, спортшылар қатысты.

Айта кетейік, Қазақстан Республикасының құрамасы Ташкентте өткен Әлем Кубогында жалпы командалық есепте топ жарған болатын. Ел құрамасы сапында жамбылдық 45 спортшы қатысып, 37 алтын, 27 күміс, 14 қола медальға қол жеткізді.