Жыл қорытындысы
Пост № 1
Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев спорт саласындағы жыл үздіктерін марапаттады.
Салтанатты шарада өңір басшысы сөз алып, 2024 жыл жамбылдық спортшылар үшін есте қаларлық және табысты болғанын атап өтті. Ол қасиетті Әулиеата жерінен шыққан спортшылардың есімі төрткүл дүниеге танылғанын мақтанышпен айтты.
Биыл еліміз бойынша Жамбыл облысы «Үздік спорттық өңір» атанды.
Республикалық, халықаралық додаларда өңір спортшылары 1 800-ге жуық медальға ие болды.
Ербол Қарашөкеев мемлекет тарапынан спортшыларға айрықша қамқорлық жасалып отырғанын айта келе, сала үздіктеріне құрмет көрсетті.




