Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы Саттар Бейсембаевтың пікірі

Саттар Бейсембаев.

2024 жылдың 28 тамызы мен 8 қыркүйегі аралығында өткен Париждегі XVII Жазғы Паралимпиада ойындары аяқталуға жақын. Біздің Жамбыл облысының мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған спорт клубынан төрт спортшы ел намысын қорғады: Салтанат Әбілқасымқызы (пара жеңіл атлетика), Өміралі Нышан (пара таэквондо), Нұрдәулет Жұмағали және Зүлфия Ғабидуллина (пара жүзу).

Шәкіртімнің жетістігін ерекше атап кеткім келеді. Нұрдәулет Жұмағали 100 метр брасс қашықтығында күміс медаль иегері атанды! 🥈 Бұл – Қазақстан тарихындағы маңызды оқиға! 2020 жылы Токиода өткен Паралимпиадада Нұрдәулет дәл осы қашықтықта қола медаль жеңіп алған болатын. Ендігі мақсаты – Лос-Анджелестегі Паралимпиада ойындарында алтын медальға қол жеткізу! 🏅💪

Осы жетістіктерге қолдау көрсеткен отбасым мен жанкүйерлеріме, ұжымыма, Жамбыл облысы әкімдігіне, ҚР Туризм және спорт министрлігіне және Ұлттық Паралимпиада комитетіне шын жүректен алғысымды білдіремін!

Құрметпен,

Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы

Саттар Бейсембаев.