XVII Жазғы Паралимпиада ойындарында біздің үздік чемпионкамыз Зүлфия Габидуллина әлемге тағы да дәлелдеді, жастың үлкен болуы үлкен жеңістерге кедергі емес екенін. Ол пара жүзу бойынша үш қашықтықта өнер көрсетті: 150 м кешенді жүзу, 50 м брасс және 50 м еркін жүзу стилінде. Әсіресе, 50 м брасс қашықтығында көрсеткен нәтижесі оның спорттық мансабындағы ең үздік көрсеткіш болды!
58 жасында Зүлфия тек ойындарға қатысып қана қоймай, жас әрі мықты қарсыластарымен тең дәрежеде жарысып, лайықты бәсекелестік көрсетті. Ол – ерік-жігердің, қайтпас қайсарлықтың және табанды еңбектің кез келген қиындықты жеңе алатынының жарқын үлгісі.
Мен осындай ұлы спортшыны тәрбиелеп, дайындағаныма мақтанамын! Зүлфия – Қазақстанның Паралимпиада ойындарындағы алғашқы чемпионы ғана емес. Ол барлық қазақстандық паралимпиадашылар үшін жаңа мүмкіндіктер әлемінің есігін ашты. Біз онымен бірге еңбек етіп, параспортты дамытып, болашақ спортшылар буынын шабыттандырып, қолдауды жалғастырамыз.


