Тоғызқұмалақтан тірек-қимыл аппараты зақымдалған және көру қабілеті төмен спортшылар арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты 2024 жылдың 1-10 сәуір аралығында Қарағанды қаласы, Н.Абдиров атындағы спорт сарайында өтті.
Чемпиоантқа қатысқан командалар: Абай, Алматы, Ақтөбе, Атырау, БҚО, Маңғыстау, Жамбыл, ШҚО. Қостанай, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар, Түркістан облыстары және Астана, Алматы, Шымкент қалаларыанан — 125 спортшы қатысты.
Жамбыл облысынан 14 спортшы қатысты, оның ішінде 2 спортшы Талас ауданы, «Үміт» мектеп-интернатынан қатысты (Асанқызы Арай, Ауданбек Сабит)
Жарыстың қорытындысы бойынша Жамбыл облысының құрама командасы классикадан-1 күміс, 4 қола медаль, рапидтен 2 алтын, 5 қола медаль барлығы 12 жүлделі орынға қол жеткізді.
Командалық есепте рапид түрінен — 2 орын иегері атанды.
КЛАССИКА
| Орын | Аты-жөні | Жас ерекшелігі | Мүгедектігі |
| ІІІ | Игиликова Мадина | Ересектер | Көру қ.т. |
| ІІ | Бектұрган Ақжол | Жастар | Көру қ.т. |
| ІІІ | Тілеке Рамазан | Жастар | Көру қ.т. |
| ІІІ | Қапашова Ақерке | Жастар | ТҚАЗ |
| ІІІ | Асанқызы Арай | Жастар | ТҚАЗ |
РАПИД
| Орын | Аты-жөні | Жас ерекшелігі | Мүгедектігі |
| І | Кутубай Аружан | Ересектер | Көру қ.т. |
| ІІІ | Сарбай Нұрдана | Ересектер | Көру қ.т. |
| І | Бектұрган Ақжол | Жастар | Көру қ.т. |
| ІІІ | Тілеке Рамазан | Жастар | Көру қ.т. |
| ІІІ | Қапашова Ақерке | Жастар | ТҚАЗ |
| ІІІ | Абдрасилов Абдумалик | Жастар | ТҚАЗ |
| ІІІ | Асанқызы Арай | Жастар | ТҚАЗ |







