2024 жылдың 14-17 наурыз аралығында Линьяно Саббьядорро (Италия) қаласында Әлемдік серия халықаралық жарысы өтуде.

2024 жылдың 14-17 наурыз аралығында Линьяно Саббьядорро (Италия) қаласында Әлемдік серия халықаралық жарысы өтуде. Бұл жарысқа әлемнің 55 мемлекетінен 350 аса жүзушілер қатысуда. Қазақстанның құрама командасынан 8 спортшы: Кенжебек Диас, С. Кинах, Роман Потапов, Наталья Звягинцева (Қарағанды), Кирилл Ильюкевич (Алматы), Алина Дубинина (Шымкент), Станислав Мочалкин (Ақмола облысы) және Зульфия Габидуллина (Жамбыл облысы) ел намысын қорғауда. Қазіргі таңда, 150 м кешенді жүзу қашықтықта Зульфия Габидуллина @gabidullinazulfiia күміс медальді ұтып алды және 150 м кешенді жүзу қашықтығында Париж 2024 Паралимпиада ойындарының В нормативін орындады. Жаттықтырушысы, Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген жаттықтырушы Бейсембаев Саттар Ерғалиұлы