2024 жылдың 9-11 ақпан аралығында Ақтөбе қаласында пара таеквондодан Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті
Жарысқа қатысқан командалар: Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен Алматы, Жетісу, Түркістан, Абай, Павлодар, Қостанай, Атырау, Қызылорда, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Жамбыл облыстарынан 51 спортшы қатысты.
Дене мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған спорт клубынан 8 спортшы қатысып 2 алтын 1 күміс 2 қола медальға қол жеткізді.
| Тегі, аты | Салмақ дәрежесі | Орын |
| Жуманғали Айбек | К 44 63 кг | 1 орын |
| Дамрин Никита | пумсе | 1 орын |
| Актлеуов Нышанбек | К44 58кг | 2орын |
| Ержанов Жумагали | К44 70 кг | 3 орын |
| Бекбауов Бекзат | К 44 63 кг | 3 орын |
Дайындаған жаттықтырушы Есильбаев Нуржан Чалобаевич.
Жарыста орын алған спортшылар Еліміздің құрама командасына кіреді.



