СУРДО ДЗЮДОДАН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫ

2024 жылдың 12-14 сәуір аралығында Түркістан қаласында есту қабілеті төмен спортшылар арасында дзюдодан ел тарихында тұңғыш рет ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫ өтті.

Аталған жарысқа 21 мемлекеттен 150-ге жуық спортшы қатысты.

Қазақстанның Ұлттық құрама сапында 21 спортшы ел намысын қорғаса. Оның ішінде Жамбыл облысының Дене мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған спорт клубынан 4 спортшы қатысты.

Олар: Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген спорт шеберлері, «Кашиас-ду-Сул-2022» жазғы Сурдлимпиада ойындарының жүлдегерлері Түгелбаев Айдос, Краморова Анна, Кара оглы Фериде және  ҚР спорт шебері Абишова Айгерім сынды спортшылар ел намысын қорғады.

Чемпионаттың қорытындысы бойынша Қазақстан құрама командасы медальдық есепте 5 алтын, 6 күміс және 5 қоламен 2-ші орынды иеленді.

Сонымен қатар, Чемпионатта ерлер арасында командалық жарыста ұлттық құрама 1 орынға, әйелдер құрамасы 3-ші орынға ие болды және Қазақстан құрама командасы Ката бағдарламасында жеңімпаз атанды.

Оның ішінде, Жамбылдық спортшылар жекелей 2 күміс, 1 қола медальға, сонымен қатар командалық жарыста ерлер арасында 1 алтын және әйелдер арасында 2 қола медальға қол жеткізді.

Олар: Ерлер арасында:

– Түгелбаев Айдос 90 келіде – жекелей 2 орын, командалық жарыста 1 орын;

  Әйелдер арасында:

–  Кара оглы Фериде 52 келіде – жекелей 3 орын;

– Краморова Анна 78 келіде – жекелей 2 орын, командалық жарыста 3 орын;

– Абишова Айгерім 57 келіде – командалық жарыста 3 орын иеленді.

 

Спортшылардың жеке бапкері, Лукманов Хайрулла Ануарбекұлы.

 

СУРДО ДЗЮДОДАН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗ-ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІН ҚАРСАЛУ РӘСІМІ

 

Жеңімпаз жүлдегер атанған спортшыларды салтанатты қарсы алу рәсімі 2024 жылдың 16 сәуір күні, Ж.Үшкемпіров атындағы «Тараз-Арена» спорт кешенінде өтті.

Ісшара барысында Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасының дене шынықтыру және спортты дамыту бөлімінің басшысы Ізімбетов Назарбек Әжібекұлы жеңімпаз-жүлдегер атанған спортшылармен олардың жеке бапкерін құттықтады және «Дене мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған спорт клубының басшысы Бейсембаев Саттар Ерғалиұлы алғысын білдірді.

Сонымен қатар, жоғары жетістікке жеткен спортшыларға, Қазақстан Халық банкі акционерлік қоғамының Жамбыл облыстық филиалының директорының орынбасары Джума-Ахунов Нуриддин Абдуллаевич демеушілік сертификаттар табыстады.

Аталған демеушіге Жамбыл облысының «Дене мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған спорт клубы» КМҚК-ы атынан Үлкен алғыс білдереміз.