2024 жылдың 20-23 мамыр аралығында Ташкент (Өзбекстан) қаласында армрестлингтен тірек-қимыл аппараты зақымданған, көру және есту қабілеті төмен спортшылар арасында Азия чемпионаты өтті. Чемпионатқа 18 мемлекеттен — 545 спортшы қатысты.
Оның ішінде Жамбыл облысының Дене мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған спорт клубынан 15 спортшы қатысып 16 алтын, 11 күміс, 2 қола медальға қол жеткізді.
Жалпы командалық есепте ҚР ұлттық құрама командасы — 1 орынды жеңіп алды.
Жекелей көрсеткіштер:
1 орын:
— Байсақалов Нұрсұлтан (70 кг, оң және сол қол, есту қ.т.);
— Сәткей Ансар (60 кг оң және сол қол, есту қ.т.);
— Садырбеков Абай (80 кг оң және сол қол, ТҚАЗ);
— Рахымбаева Жарқынай (85 кг оң және сол қол, ТҚАЗ);
— Попов Александр (55 кг оң және сол қол, ТҚАЗ);
— Рахымберды Ержігіт (85 кг оң қол, ТҚАЗ);
— Назаров Даниил (80 кг оң және сол қол, ТҚАЗ);
— Джидебаев Аят (60 кг оң және сол қол, ТҚАЗ);
— Минуров Юнус (55 кг сол қол, жастар, есту қ.т.).
2 орын:
— Жүзбаев Алдияр (80 кг оң және сол қол, есту қ.т.);
— Жумабаев Сериккали (70 кг оң және сол қол, көру қ.т.);
— Минуров Юнус (55 кг сол қол, жастар, есту қ.т.);
— Умаров Салман (55 кг оң және сол қол, ТҚАЗ);
— Сейтхан Дарын (55 кг оң және сол қол, жастар, ТҚАЗ);
— Тұрсынов Алмаз (85 кг оң және сол қол, көру қ.т.).
3 орын:
— Аманбек Өркенжан (70 кг оң және сол қол, ТҚАЗ).
Спортшылардың бапкерлері: Сәнім Нышаналы, Мойсиади Диана, Рейисов Ислам, Трубин Виталий.











