2023 жылдың 7-8 қазан аралығында Прага (Чехия) қаласында арбадағы спорттық биден классификациялық «Прага-2033» Халықаралық жарысы өтті.
Аталған жарысқа: Қазақстан, Чехия, Словения, Германия, Венгрия, Бразилия, Дания, Финляндия, Италия, Нидерландия, Турция, Франция, Бельгия, Греция мемлекеттерінен 100-ге жуық спортшы қатысты.
Жамбыл облысының Дене мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған спорт клубынан 6 спортшы қатысып, 2 алтын, 1 күміс, 2 қола медалдарға қол жеткізді. Олар:
1 орын
— Duo Standard CLASS Аманбеков Талғат & Ахметова Наргиза
— Duo Freestyle CLASS 2 Аманбеков Талғат & Ахметова Наргиза
2 орын
— Combi Standard CLASS 2 Серж Аванесов & Ахметова Наргиза
3 орын
— Single Conventional Man CLASS 2 Аманбеков Талғат
— Combi Latin CLASS 1+2 Серж Аванесов & Ахметова Наргиза.
Спортшылардың жаттықтырушысы, Аубакиров Габит.

