Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

2022 жылдың 12-18 маусым аралығында Фуншал қаласында (Мадейра аралы, Португалия) пара жүзуден Әлем чемпионаты басталды.

Жарысқа әлемнің 60 мемлекетінен 509 спортшылар қатысуда.

Қазақстан Республикасының құрама командасынан 4 үздік спортшы ел намысын қорғауда. Олар: Токио Паралимпиада ойындарының қола жүлдегері Нұрдаулет Жұмағали (Жамбыл облысы); Ашық Еуропа чемпионатының жеңімпазы Сиязбек Далиев (Нұр-Сұлтан қаласы); Токио Паралимпиада ойындарының қатысушысы Нұрали Советқанов (ШҚО) және Әлем чемпионатының қола жүлдегері Андрей Афанасьев (Қарағанды облысы).

Салтанатты ашылу рәсімі 12 маусым күні сағат 14:00-де өтті. Іс-шарада мемлекетіміздің көк туын Жұмағали Нұрдаулет алып жүрді. Ал, тақтайшада жазылған «Қазақстан» атауын – Нұрәлі Советқанов.

Ашылу рәсімінде Халықаралық Паралимпиада Комитетінің президенті Эндрю Парсенс сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Қазақстанның құрама командасы төмендегі кесте бойынша, Әлем чемпионатына орындаған нормативтерге сәйкес қашықтықтарда жарысады.

 

№ А.Ж.Т Туғанжылы Класс Қашықтық Үздікнәтижесі Жарыс

күні

Бапкері
1 СиязбекДалиев 1990

 

S5 50 м еркін жүзу 00:35.49 12.06.2022 Станислав Редько
S5 50 м арқамен жүзу 00:42.01 13.06.2022
S5 50 м баттерфляй жүзуі 00:35.27 14.06.2022
2 Нұрдаулет Жұмағали 1999

 

SB13 100 м брасс жүзуі 01:04.97 13.06.2022 Саттар Бейсембаев
 

SM13

200 м кешенді жүзу 02:20.80 18.06.2022
3 Нұрәлі Советқанов

 

2003

 

SB13 100м брасс жүзуі 01:10.77 13.06.2022 Кирилл Шмурыгин
SM13 200 м кешенді жүзуі 02:27.52 18.06.2022
4 Андрей Афанасьев 1998

 

SB12 100 м брасс жүзуі 01:13.16 15.06.2022 Инга

Горбатова

S12 100 м баттерфляй жүзуі 01:17.52 13.06.2022

Әлем чемпионатының қорытындысы бойынша, еліміздің пара жүзушілері төмендегі нәтижелерді көрсетті.

№ А.Ж.Т Класс Жарыс күні Қашықтық Жартылайфинал Финал Алған

орын

1 Сиязбек Далиев S5 12.06.2022 50 м екін жүзу 00:37.13 —— 10
2 Сиязбек Далиев

 

S5 13.06.2022 50 м арқамен жүзу — 00:41.81 5
3 Андрей Афанасьев S12 13.06.2022 100 м баттерфляй жүзуі — 01:22.18 7
4 Нұрәлі Советқанов SВ13 13.06.2022 100 м брасс жүзуі 01:10.82 01:09.75 5
5 Нұрдаулет Жұмағали SВ13 13.06.2022 100 м брасс жүзуі 01:04.49 01:04.09 2

Азия рекордын жаңартты

6 Сиязбек Далиев

 

S5 14.06.2022 50 м баттерфляй жүзуі 00:35.27 00:35.27  
7 Андрей Афанасьев SВ12 15.06.2022 100 м брасс жүзуі 01:13.16 01:13.16  
8 Нұрәлі Советқанов SМ13 18.06.2022 200 м кешенді жүзу 02:27.52 02:27.52  
9 Нұрдаулет Жұмағали SМ13 18.06.2022 200 м кешенді жүзу 02:20.80 02:20.80  

100 м брасс жүзу стилініңақтық сайысында бірінші орынды Германияның жүзушісі, Токио 2020 Паралимпиада ойындарының жеңімпазы Ингел Талисо алды, 2 орынды Токио 2020 Паралимпиада ойындарының қола жүлдегері Нұрдаулет Жұмағали иеленді және үшінші орынды Нидерландының спортшысы Томас ван Уанройч ұтып алды. Сонымен қатар, осы қашықтықта Жұмағали Нұрдаулет Азия рекордын жаңартты.