Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

Чемпионатқа еліміздің 17-і өңірінен 130-ға жуық спортшы қатысты. Жамбыл облысының намысын  12-і спортшы  қорғады. Олардың арасында Тұңғыш Рио Паралимпиада ойындарының жеңімпазы Зульфия Габидуллина, Токио Паралимпиада ойындарының қола жүлдегері Нұрдаулет Жұмағали сынды атақты жүзушілер бар.

Жалпы облыс құрама командасы 23 алтын, 7 күміс, 1 қола медаль ұтып алды. Оның ішінде, көру қабілеті төмен ересек спортшылар — 7 алтын, 2 күміс; тірек-қимыл аппараты зақымданған ересек спортшылар 8 алтын, 4 күміс және тірек-қимыл аппараты зақымданған жас спортшылар 8 алтын, 1 күміс, 1 қола медаль иеленді.

Атап айтқанда:

Нұрдаулет Жұмағали 3 алтын;

Ғалымжан Балабек 3 алтын медаль;

Айбек Искра 1 алтын, 2 күміс медаль;

Зульфия Габидуллина 3 алтын медаль ;

Азамат Мырзахметов 2 алтын, 1 күміс медаль;

Зарина Мурзагалиева 3 күміс медаль ;

Сауле Садыкова 3 алтын медаль;

Қуаныш Рахатұлы 3 алтын медаль;

Нышанали Жанат 3 алтын медаль;

Полина Скоржевская 2 алтын медаль;

Богдан Чухнов 1 күміс, 1 қола медаль иеленді.