Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

Голболдан көру қабілеті төмен спортшылар арасында 2022 жылдың 10-14 тамыз аралығында Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан Республикасы чемпиоанатының 2 айналымы өтті. Чемпионатқа Алматы, Шымкент қалалары мен Алматы, Атырау, Ақтөбе, Қарағанды, Түркістан, Жамбыл облыстарынан командалар  қатысты.

Екі айналымның қорытындысы бойынша Жамбыл облысының командасы 9 ойында жеңіп 2022 жылдың ел чемпионы атанды.

Сонымен қатар, Алматы облысы 2 орын және Атырау облысы 3 орынды иеленді.

Жамбыл облысының жаттықтырушысы Аргынбаев Ерлан Елкелдіұлы.