2021 жылдың 20 қыркүйек – 5 қазан аралығында тірек-қимыл аппараты зақымданған және көру қабілеті төмен спортшылар арасындағы Қазақстан Республикасының VI Спартакиадасы өтті
2021 жылдың 25 қыркүйек – 5 қазан аралығында Нұр-Сұлтан қаласында өтіп жатқан ҚР VI Спартакиадасының салтанатты ашылу рәсімінде, ҚР Мәдениет және Спорт министрі А.Райымқұлова Токио-2020 Паралимпиада ойындарының қола жүлдегері Жұмағали Нурдаулетке «ҚР Еңбек сіңірген спорт шебері» атағын табыстады. Құттықтаймыз!
20-25 қыркүйек аралығында Шымкент қаласында өткен жарыста арбадағы спорттық би (ТҚАЗ), шахмат (ТҚАЗ, көру қ.т.), тоғызқұмалақ (ТҚАЗ, көру қ.т.), каретэ (ТҚАЗ, көру қ.т.) спорт түрлерінен Жамбыл облысынан 16 спортшы қатысты.
21-27 қыркүйек аралығында Алматы қаласында өткен жеңіл атлетика (ТҚАЗ, көру қ.т.) спорт түрінен Жамбыл облысынан 10 спортшы қатысты.
24 қыркүйек – 5 қазан аралығында Нұр-Сұлтан қаласында өткен голбол (көру қ.т.), жүзу (ТҚАЗ, көру қ.т.), отырып ойнау волейболы (ТҚАЗ), таеквондо (ТҚАЗ), дзюдо (көру қ.т.), пауэрлифтинг (ТҚАЗ), үстел теннисі (ТҚАЗ), спорт түрлерінен 49 спортшы қатысты.
Жалпы VI ҚР Спартакиадасына Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалырмен 14 облыстардан 1000 жуық спортшылар қатысты, оның ішінде 15 спорт түрінен 75 спортшы Жамбыл облысының намысын қорғады.
Жамбыл облысының командасы жүзу спорт түрінен тірек-қимыл аппараты зақымданған спортшылар, 10 алтын, 6 күміс медальдармен командалық есепте 1 орынды жеңіп алды.
Көру қабілеті төмен спортшылар командалық есепте 4 алтын, 2 күміс медальдармен 5 орынды иеленді.
Жекелей ТҚАЗ:
-З.Габидуллина
-А.Мырзахметов
-З.Мурзагалиева
-С.Садыкова
-Ж.Нышанали
-Қ.Құдабай
-А.Диас
Жекелей көз сырқаты:
-Н.Жұмағали
-А.Искра
Жамбыл облысының командасы көру қабілеті төмен спортшылар арасында тоғызқұмалақ спорт түрінен командалық есепте 1 орынды жеңіп алды, сонымен қатар пара таеквондо, шахмат спорт түрінен тірек-қимыл аппараты зақымданған спортшылар арасында 2 орынды иеленді және голбол спорт түрінен көру қабілеті төмен спортшылар арасында 3 орынды жеңіп алды.
Спортшыларды дайындаған жаттықтырушылар, Шәміл Ришат (тоғызқұмалақ), Ерғазы Дулат (шахмат), Есілбаев Нұржан (таеквондо), Арғынбаев Ерлан (голбол).
Жарыстың қорытындысы бойынша Жамбыл облысының құрама командасы, спорт түрлері бойынша 28 алтын, 15 күміс және 22 қола медальдармен 5 орынды иеленді.