Нышан Өмірәлі тартысты кездесуде 15:18 есебімен жеңіліс тапты

Нышанның қарқыны бәрімізді риза қылғаны анық. Аздаған ғана дәлдік, аздаған ғана сәттілік жетіспеді. Дегенмен бұл спорт, және де Нышан үшін әрі талай жеңісті күндер болары анық.
Осымен Қазақстан құрамасы Токиодағы сайыс жолын аяқтайды.
Қанжығамызда 1 алтын, 3 күміс, 1 қола медаль.
Ертең жабылу салтанаты, және елге ораламыз.
Барлық жанкүйерлерімізге, Отандастарымызға қызу қолдау үшін, жылы лебіз үшін алғысымызды білдіреміз!
Осындай жарыстарда өнер көрсетуге мүмкіндік жасап отырған мемлекеттік қолдауға, әрқашан жанымызда табылатын демеушілерімізге де ерекше алғыс білдіреміз!