Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

Бейрут (Ливан) қаласында паратаеквондодан Азияның ашық чемпионаты өтті


       2021 жылдың 14-16 шілде аралығында Бейрут (Ливан) қаласында паратаеквондодан Азияның ашық чемпионаты өтті.
Аталған чемпионатқа 17 мемлекеттен 190 спортшы қатысты. Қазақстан Республикасының намысын 9 спортшы қорғады, оның ішінде Жамбыл облысының «Дене мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған спорт клубы» КМҚК-нан Ержанов Жұмағали қатысты.
       Жарыстың нәтижесі бойынша; Ержанов Жұмағали К42 классының 75 келіде 2 орынды иеленіп Азияның ашық чемпионатында күміс жүлдегер атанды.
       Жалпы командалық есепте Қазақстан Республикасының құрама командасы 3 алтын 2 күміс 1 қола медальдарымен 2 орын иеленді.
       Спортшыны дайындаған: Паратаеквондодан Қазақстан Республикасының бас бапкері Есильбеав Нуржан Чалобаевич.
       Сонымен қатар, спорт клубтың таеквондо спорт түрінен жаттықтырушысы Есильбаев Нуржан чемпионаттың үздік бапкері атанды.