Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

Нұр-Сұлтан қаласында голболдан көру қабілеті төмен спортшылар арасында Қазақстан Республикасының Кубогы өтті


       2021 жылдың 21-24 маусым аралығында Нұр-Сұлтан қаласында голболдан көру қабілеті төмен спортшылар арасында Қазақстан Республикасының Кубогы өтті.
Жарысқа Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларымен Атырау, Алматы, Ақтөбе және Жамбыл облыстарынан 6 команда қатысты.
       Жамбыл облысының командасы Ақтөбе, Атырау облыстарын және Нұр-Сұлтан қаласынан келген командаларды жеңіп Қазақстан Республикасының Кубогының қола жүлдегері атанды.
       Спортшыларды дайындаған жаттықтырушы Арғынбаев Ерлан Елкелдіұлы.