«Тараз-Арена» спорт сарайында жастар арасында пара жүзуден Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті
2021 жылдың 3-5 маусым аралығында Тараз қаласы, «Тараз-Арена» спорт сарайында жастар арасында пара жүзуден Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.
Чемпионатты өткізуді Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі, Қазақстан Республикасының Ұлттық Паралимпиадалық комитеті және Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы бірлесіп жүзеге асырды.
Чемпионатқа Нұр-Сұлтан және Шымкент қалалары, Ақмола, Алматы, Атырау, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Түркістан және Шығыс Қазақстан облыстарынан 45-жуық спортшылар қатысты. Оның ішінде Жамбыл облысының Дене мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған спорт клубынан 11 спортшы қатысып жалпы жарыстың қорытындысы бойынша 4 алтын, 3 күміс және 4 қола медальдарға қол жеткізді. Атап кетер болсақ:
Көру қабілеті төмен спортшылар арасында:
– Искра Айбек 50 м шалқалап жүзумен 50 м баттерфляй жүзуде – 1 орын және 50 м еркін жүзуде – 2 орынды иеленді.
Тірек-қимыл аппараты зақымданған спортшылар арасында:
– Скорожевская Полина 50 м брасс әдісте – 1 орын;
– Садықова Сауле 50 м шалқалап жүзуде – 1 орын, 100 м еркін жүзуде – 2 орын және 50 еркін жүзуде – 3 орын;
– Жанат Нышанали 100 м еркін жүзуде – 1 орын және 50 м еркін жүзуде – 3 орынды иеленді.
– Құдабай Қуаныш 100 м еркін жүзуде – 3 орын;
– Амангельдиева Анель 50 шалқалап жүзуде – 2 орын;
– Әлібек Диас 50 шалқалап жүзуде – 3 орын.
Спортшыларды дайындаған жаттықтырушылар: ҚР ЕСЖ Бейсембаев Саттар, Усубалиев Аскар, Раисов Серік, Ешенкулов Дамир, Жансерік Төреқұлов және Ильясов Елдос.