Тоғызқұмалақтан Қазақстан Республикасының чемпионаты
2018 жылдың 12-18 маусым аралығында Тараз қаласы, «Самал» сауықтыру орталығында көру қабілеті төмен спортшылар арасында тоғызқұмалақтан Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.
Чемпионатқа 13 құрама командадан: Алматы және Астана қалалары, Алматы, Ақмола, Атырау, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Павлодар және Қызылорда облыстарынан 31 ер, 23 әйел, барлығы 54 спортшы қатысты.
Чемпионатты өткізуді Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі мен Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы бірлесіп жүзеге асырды. Чемпионат жоғары деңгейде өтті.
Чемпионаттың қорытындысы
Ерлер арасында
Орны | Тегі, аты | Облысы |
І | Калкаев Кайрат | Алматы |
ІІ | Нусипбаев Меирбек | Алматы |
ІІІ | Елибакиев Мусрят | Алматы облысы |
Әйелдер арасында
Орны | Тегі, аты | Облысы |
І | Жумабаева Эльвира | Павлодар |
ІІ | Рахимжанова Эльвира | ШҚО |
ІІІ | Нусипбаева Зиняткыз | Алматы |
Дене мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған спорт клубынан 7 спортшы қатысты. Ерлер арасында: Шәміл Ришат – 5 орын, Таласбаев Бекзат – 11 орын, Саттар Ержан – 30 орын.
Әйелдер арасында: Орманова Гульнар – 6 орын, Игиликова Мадина – 10 орын, Назарбекова Нуриля – 18 орын және Дильдабекова Турсункуль – 23 орын.