Льюсвилл (АҚШ) қаласында паралимпиадалық спортшылар арасында жүзуден классификациялық Әлем Кубогы өтті
2021 жылы 15-17 сәуір аралығында Льюсвилл (АҚШ) қаласында паралимпиадалық спортшылар арасында жүзуден классификациялық Әлем Кубогы өтті.
Жарыска 20 мемлекеттен 116 спортшы катысты. Қазақстан Республикасының намысын пара жүзуден паралимпиадалық құрама командасынан 5 спортшысы қорғап, оның ішінде Жамбыл облысының Дене мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған спорт клубынан 2 спортшы қатысты, олар Габидуллина Зульфия және Жұмағали Нұрдаулет.
Жалпы жарыстың қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының құрама командасы 2 алтын, 7 күміс, 2 қола медальдарға қол жеткізді.
Онын ішінде:
– Габидуллина Зульфия – 50 м еркін жүзу, 50 м арқамен жүзу және 150 м кешенді жүзуде – 2 орынды иеленді, сонымен қатар 150 м кешенді жүзу қашықтығында Зульфия Габидуллина барлық класстар арасында (абсолют) 3 орынды иеленді.
– Жұмағали Нұрдаулет – 50 м еркін жүзуде – 1 орынды жеңіп алып, 100 м брасс және 200 м кешенді жүзуде – 2 орынды иеленді;
– Салимгереев Ержан (Атырау облысы) – 50 м баттерфляй – 1 орын жеңіп алып, 50 м баттерфляй жүзуде Салимгереев Ержан барлық класстар арасында (абсолют) 3 орынды иеленді.
– Советканов Нурали (Шығыс Қазақстан облысы) – 50 м еркін жузу – 3 орын, 200 м кешенді жузу – 3 орын;
– Рахимбекова Алия (Қарағанды облысы) -100 м брасс – 2 орын, 100 м аркамен жузу – 2 орын.
Сонымен қатар, жарыс қорытындысы бойынша Жұмағали Нұрдаулет 100 м брасс және 200 м кешенді жузу кашықтықтарынан Паралимпиада ойындарының А нормативын орындап, аталған ойынға қатысуға мүмкіндік алды.
Спортшыларды дайындаған, Қазақстан құрама командасының бас жаттықтырушысы Бейсембаев Саттар Ерғалиұлы. Куттыктаймыз!!!