24 тамыз бен 5 қыркүйек аралығында Токио-2020 Паралимпиада ойындарын «Qazsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді

24 тамыз бен 5 қыркүйек аралығында Токио-2020 Паралимпиада ойындарын «Qazsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді. Паралимпиадаға Қазақстан атынан 7 спорт түрі бойынша 26 спортшы қатысады.
Жапония ұлттық стадионында өтетін салтанатты ашылу рәсімінде еліміздің Туын таеквондодан екі дүркін Әлем чемпионы, үш дүркін Азия чемпионы, Еуропа чемпионатының үш дүркін жеңімпазы Нұрлан Домбаев пен пауэрлифтингтен Рио Паралимпиадасының күміс жүлдегері Раушан Қойшыбаева ұстайды.
Ашылу салтанаты Нұр-Сұлтан уақытымен 24 тамыз 17:00-де тікелей эфирде көрсетіледі.