2022 жылғы 1-15 мамыр аралығында Кашиас-ду-Сул (Бразилия) қаласында ХХІV жазғы Сурдлимпиадалық ойындары басталады.
Аталған ойындарға Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командасынан 9 спорт түрінен (жүзу, жеңіл атлетика, үстел теннисі, бадминтон, дзюдо, таеквондо, карате, еркін және грек-рим күресі) 57 спортшы ел намысын қорғайды.
Жамбыл облысының Дене мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған спорт клубынан 13 спортшы 6 (жүзу, жеңіл атлетика, дзюдо, таеквондо, еркін және грек-рим күресі) спорт түрінен қатысады.