2022 жылдың 14-25 наурыз аралығында Біріккен Араб Әмірлігінің Шардж және Дубай қалаларында пара жеңіл атлетикадан «Шардж-2022» ашық халықаралық турнирі және «Дубай-2022» Гран При Әлемдік сериясы өтті.
Шардж қаласында өткен жарысқа 27 мемлекеттен 400-ге жуық спортшылар және Дубай қаласында өткен жарысқа 42 мемлекеттен 500-ге жуық спортшылар қатысты.
Қазақстан Республикасының ұлттық құрама сапында 21 спортшы ел намысын қорғады, оның ішінде Жамбыл облысының Дене мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған спорт клубынан 2 спортшы қатысты.
Жарыстың қорытындысы бойынша ұлттық құрама спортшылары 2 жарыста 4 алтын, 7 күміс және 14 қола медельдарға қол жеткізді. Оның ішінде Жамбыл облыысының спортшылары Әбілхасымқызы Салтанат 400 метр жүгіруде 1 күміс, 100 метр жүгіруде 2 қола медальдарға және Яковлева Анастасия 400 метр жүгіруде қола медальға қол жеткізді.
Спортшылардың жеке жаттықтырушысы, Мамашаев Тахир Рахимович.