2021 жылдың 6-9 қазан аралығында Нұр-Сұлтан қаласында пара пауэрлифтинтен Қазақстан Республикасының командалық чемпионаты мен жастар арасындағы жекелей чемпионат өтті

       Жарысқа 12 командадан 100 – ге жуық спортшылар қатысты.
       Жамбыл облысының намысын Дене мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған спорт клубының 8 спортшысы қорғап, пауэрлифтингтен жалпы командалық есепте 3 орынды жеңіп алды.
Жекелей нәтижелер:
       Қазақстан Республикасының спорт шебері Карибай Ерболат 49 келіде жастар мен ересектер арасында екі дүркін жеңімпаз атанып, халықаралық дәрежедегі спорт шебері нормативін орындады.
       Закривидорога Руслан 49 кг салмақ дәрежесінде жастар арасында 2 орын, ересектер арасында 3 орын иегері болды.
       Хамидуллаев Акылбек 80 кг салмақ дәрежесінде ересектер арасында 2 орын иегері болды.
       Жуманов Асхат 97 кг салмақ дәрежесінде ересектер арасында жеңімпаз атанды.
       Мадижан Даурен 107 кг салмақ дәрежесінде ересектер арасында 2 орын алды.
       Дайындаған жаттықтырушы Греев Руслан Сайдикаримович.

Құттықтаймыз!!!