2021 жылдың 24-29 наурыз аралығында Манчестер (Ұлыбритания) қаласында пара пауэрлифтинтен Әлем Кубогі өтуде
2021 жылдың 24-29 наурыз аралығында Манчестер (Ұлыбритания) қаласында пара пауэрлифтинтен Әлем Кубогі өтуде.
Жарысқа әлемнің 25 мемлекетінен 180 – ге жуық спортшылар қатысуда.
Қазақстан Республикасының намысын паралимпиадалық ұлттық құрама команда сапындағы 7 спортшы (оның ішінде: ересектер құрамында 4 спортшы, жастар құрамында 3 спортшы) ел намысын қорғауда.
Жарыстың алғашқы күні, Жамбыл облысының Дене мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған спорт клубының спортшысы, пауэрлифтингтен Қазақстан Республикасының спорт шебері Карибай Ерболат 49 келіде жастар арасында Әлем Кубогының жеңімпазы атанып, халықаралық дәрежедегі спорт шебері нормативін орындады.
Жеке жаттықтырушысы Греев Руслан Сайдикаримович.