Қазақстан Республикасының VI Спартакиадасының қорытындылау жиналысы өтті

       2021 жылдың 12 қазан күні «Дене мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған спорт клубы» КМҚК-да ү.ж. 24 қыркүйек – 5 қазан аралығында Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында өткен Қазақстан Республикасының 6-шы Спартакиадасының қорытындылау жиналысы өтті.
       Спорт клуб басшысы, Бейсембаев Саттар Ерғалиұлы Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай Жамбыл облысы әкімі Бердібек Машбекұлы Сапарбаевтың Құрмет грамотасымен Алғыс хаттарын алған, спорт клубтың жаттықтырушылары Қонысбаев Ерназар Дүйсенұлын, Мамашаев Тахир Рахимович және Есілбаев Нұржан Шалабайұлын марапаттады. Сонымен қатар, жоғарыда аталған спартакиадада командалық есепте жеңімпаз және жүлдегер болған спорт түрлерінің жаттықтырушыларын марапаттады.
       Айта кетер болсақ, Жамбыл облысының құрама командасы ҚР 6-шы Спартакиадасында спорт түрлері бойынша 28 алтын, 15 күміс және 22 қола медальдарға қол жеткізіп, жалпы командалық есепте 5 орынды иеленді.