Қазан айының екінші жексенбісі Қазақстан Республикасының мүгедектер күні қарасыңында 2020 жылдың 7 қазанында Тараз қаласында мүгедек балаларды оңалту және бейімдеу орталығының жаңа ғимаратының салтанатты ашылуы өтті.
Салтанатты шараға Жамбыл облысының әкімі Бердібек Машбекұлы Сапарбаев арнайы қатысты.
Сонымен қатар, аталған шарада облыс әкімі Жамбыл облысының мүмкіндігі шектеулі азаматтардың озық-ойлы өкілдерімен кездесті. Өкілдер арасында, Дене мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған спорт клубының жас спортшылары да қатысты. Олар: Паратаеквондодан Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері, екі дүркін Әлем чемпионы, Азия, Еуропа, Бүкіләлемдік ойындарының жеңімпазы Өміралі Нышан, пара пауэрлифтингтен Қазақстан Республикасының спорт шебері, жастар арасындағы Әлем чемпионатының қола жүлдегері Карибай Ерболат, пара жүзуден Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Әлем Кубогының күміс жүлдегері Искра Айбек және арбадағы спорттық биден халықаралық турнирлері мен Қазақстан Республикасы чемпионатының жеңімпаз-жүлдегері Аманбеков Талғат сынды спортшылар қатысты.
ТҚАЗ - Тірек қимыл аппараты зақымданған
көз сырқаты - Көру қабілеті төмен
есту қабілеті төмен
көз сырқаты - Көру қабілеті төмен
есту қабілеті төмен