Тунис-2022 Гран-При халықаралық турнирі

Пара жеңіл атлетикадан 2022 жылдың 23-30 маусым аралығында Тунис мемлекетінің Тунис қаласында Гран-При халықаралық турнирі өтті. Жарысқа 27 мемлекеттен 420 спортшы қатысты. Ұлттық құрама командасынан 7 спортшы, оның ішінде Жамбыл облысының Дене мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған спорт клубынан Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері Әбілхасымқызы Салтанат қатысты. Жарыстың нәтижесі бойынша ҚР-ң ұлттық құрама спортшылары 2 алтын, 1 күміс, 2 қола медальдарға қол жеткізді.

Жекелей нәтижесі бойынша Жамбыл облысының спортшысы Әбілхасымқызы Салтанат 200 метр жүгіруде жеңімпаз атанып, 100 метр жүгіруде қола медальды иеленді.

Жаттықтырушысы, Мамашаев Тахир Рахимович.

0 replies

Leave a Reply

Want to join the discussion?
Feel free to contribute!

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған