Тунис қаласында пара жеңіл атлетикадан Әлемдік Гран При 2021 жарысы өтті
2021 жылдың 14-21 наурызы аралығында Тунис қаласында пара жеңіл атлетикадан Әлемдік Гран При 2021 жарысы өтті.
Жарысқа 59 мемлекетінен 586-дан астам спортшылар қатысты.
Қазақстан Республикасының намысын еліміздің негізгі құрамасынан және облыстарынан 12 спортшы қорғады, оның ішінде Жамбыл облысының Дене мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған спорт клубынан Салтанат Әбілхасымқызы қатысты.
Жалпы медальдар санымен командалық есепте 1-орынды Тунис құрама командасы, 2-орынды Марокко құрама командасы, 3-орынды Колумбия құрама командасы иеленді. Қазақстан Республикасының құрама командасы 4 алтын, 3 күміс және 2 қола медальмен 12 орынды иеленді.
Жеке нәтиже бойынша, Әбілхасымқызы Салтанат 100 м қашықтықта алтын медальді жеңіп алып, 200 м қашықтықта төртінші орынды иеленді. Осылайша ол, бүгінгі күнге Әлемдік рейтингте 10-шы тұрып, 2021 жылы Токиода өтетін Паралимпиада ойындарына қатысуға бір қадам жақындады.
Спортшының жеке жаттықтырушысы, Қазақстан Республикасының ұлттық құрамасының бас бапкері Мамашаев Тахир Рахимович.