СПОРТШЫЛАР КӨМЕК КӨРСЕТТІ
Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы, «Тараз» кәсіпқой футбол клубы, еліміздің мақтанышы Паралимпиада ойындарының жеңімпазы Зульфия Габидуллина және де басқармаға қарасты спорт мектептерінің өкілдері короновируспен күресте облыстық дәрігерлерге қолдау көрсетті.
Спорт саласының мамандары Жамбыл облыстық ауруханасы мен облыстық фтизиопульманалогиялық орталығына өкпені жасанды желдету аппаратын сыйға тартты. Айта кетейік шетелде жасалынған бұл аппарат өкпені жасанды желдетуге озық және ең тиімді болып табылады.
Спорт саласының мамандары мен спортшылардың мұндай ісі көпке үлгі.