Пара-таеквондодан 7-ші Әлем чемпионаты
2017 жылдың 15-19 қазан аралығында Ұлыбритания мемлекеті, Лондон қаласында мүмкіндігі шектеулі спортшылар арасында пара-таеквондодан 7-ші Әлем чемпионаты өтті.
Чемпионатқа әлемнің 57 мемлекетінен 268-ге жуық спортшылар қатысты.
Чемпионатта ел намысын: Жамбыл облысының «Дене мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған спорт клубының» спортшысы, Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері Өміралі Нышан, Атырау облысының спортшысы Домбай Нұрлан, Батыс Қазақстан облысының спортшы Мукашев Малик және Ақтөбе облысының спортшысы Айдарбеков Нысанбек қорғап, нәтижесінде Өмірәлі Нышан К42 классында +75 салмақ дәрежесінде Иран елінен келген Нариман Ахмедтен 17-15 есебімен басым түсіп, ақтық сында Түрік спортшысы Когбаба Ясар Саминді 23:11 есебімен жеңіп пара-таеквондодан Әлем чемпионатының екі дүркін жеңімпазы атанды.
Сонымен қатар, К43 классында 75 келіге дейін салмақта Атырау облысының спортшысы Домбай Нұрлан өз салмағында жеңімпаз атанды.
Өміралі Нышанның бапкерлері: Таеквондодан Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген жаттықтырушысы Абдикаиров Алмаз Абдиманапович пен Есильбаев Нуржан Чалобаевич.
Әлем чемпионатының қорытындысы бойынша жалпы командалық есепте: І орынды Ресей федерациасының құрама командасы (6 алтын, 2 күміс, 5 қола), ІІ орынды Турция мемлекетінің құрама командасы (4 алтын, 4 күміс, 3 қола) және үшінші жүлделі орынды Манғолия (2 алтын, 1 қола) және Қазақстан (2 алтын) құрама командалары алды.