Паралимпиалық спортшылар арасындағы жүзуден Әлем Кубогі
2019 жылдың 6-9 маусым аралығында жүзуден Берлин (Германия) қаласында паралимпиадалық жүзушілер арасында Әлем Кубогі өтті. Жарысқа әлемнің 65 елінен және Германияның 50 клубтық командасынан 521 үздік жүзушілері қатысып, 2725 түрлі қашықтықтарда жүзіп өтті.
Қазақстан Республикасының Ұлттық паралимпиадалық құрама командасы мен еліміздің басқада өңірлерінен 15 спортшы қатысты, оның ішінде 2 спортшы Зульфия Габидуллина және Искра Айбек Жамбыл облысының, «Дене мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған спорт клубы» КМҚК-ң спортшылары.
Жарыстың қорытындысы бойынша жалпы командалық орындарды тек Германиялық клубтық командалар арасында ғана анықталды.
Спортшылардың жеке нәтижелері бойынша Жамбыл облысының спортшылары төмендегі нәтижелерге қол жеткізді.
- Габидуллина Зульфия (Жамбыл облысы) Мастерс санатында (1960 – 1969 ж. т. спортшылар арасында), 200 метр, 100 метр, 50 метр еркін жүзу қашықтықта, 50 метр арқамен жүзу, 4х100 метр еркін жүзу эстафеталық қашықтықтың әйелдер арасында 50 брасста және 4х100 метр эстафеталық аралас (комбинированная) қашықтықтарға қатысып 2 алтын, 6 күміс және 2 қола медальді жеңіп алды, сонымен қатар Азия Рекордың жаңартты;
- Искра Айбек (Жамбыл облысы) 4х100 метр аралас эстафетасында 1 күміс медаль жеңіп алды.
Жалпы жарыстың қорытындысы бойынша, паражүзуден ҚР Ұлттық паралимпиадалық құрама командасының қоржынына 9 алтын, 18 күміс және 12 қола медаль түсті, сонымен қатар 3 Азиялық Рекорды орнатылды.
Спортшылардың барлық нәтижелері 2019 халықаралық паралимпиадалық комитеттің (IPC) халықаралық рейтингісіне енгізіледі.
2018-2019 жылдардағы жарыстың нәтижесі бойынша Қазақстан Республикасының 12 спортшысы А нормативтерін орындап, 2019 жылдың қыркүйек айында Лондон (Англия) қаласында өтетін Әлем чемпионатына қатысуға мүмкіндік алды.
Пара жүзуден ҚР құрама командасының бас жаттықтырушысы Бейсембаев Саттар Ерғалиұлы.