ЕСТУ ҚАБІЛЕТІ ЗАҚЫМДАНҒАН СПОРТШЫЛАР АРАСЫНДА ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ III СПАРТАКИАДАСЫ

2022 жылдың 5-9 қыркүйек аралығында  Шымкент қаласында есту қабілеті зақымданған спортшылар арасында Қазақстан Республикасының III Спартакиадасы өткен болатын. Төрт жылда бір рет өткізілетін жарысқа еліміздің 18 өңірінен 800-ден астам спортшы қатысты.

Спартакиаданың салтанатты ашылу рәсімінеҚазақстан Республикасы Мәдениет және Спорт министрлігі Спорт және дене шықтыру істері комитетінің төрағасы Самат Ерғалиев қатысып, спортшыларға сәттілік тіледі.

Аталған Спартакиадаға Жамбыл облысынан 9 спорт түрі бойынша (жеңіл атлетика, жүзу, үстел теннисі, таеквондо, дзюдо, дойбы, еркін және грек-рим күресінен) 43 спортшы қатысты.

Спартакиаданың қорытындысы бойынша Жамбыл облысы 21 алтын, 6 күміс,  11 қола медальдармен жалпы командалық есепте екінші орынды иеленді. Бірінші орынды 27 алтын, 13 күміс, 19 қола медальмен Алматы қаласы алса, үздік үщтікті  17 алтын, 16 күміс, 10 қола медальмен Нұр-Сұлтан қаласы түйіндеді.  #спартакиада #сурдлимпийцы #шымкент #2022 #борьбавольная #борьбагрекоримская #дзюдо #легкаяатлетика #плавание #таеквондо #настольныйтеннис #футбол #шашки

0 replies

Leave a Reply

Want to join the discussion?
Feel free to contribute!

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған