2021 жылдың 6-14 ақпан аралығында Дубай (БАӘ) қаласында жеңіл атлетикадан тірек-қимыл аппараты зақымданған және көру қабілеті спортшылар арасындағы «Дубай 2021» Әлемдік серия Гран-При жарысы өтті. Аталған жарысқа, Жамбыл облысының Дене мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған спорт клубының спортшылары, жеңіл атлетикадан Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері Әбілхасымқызы Салтанат пен Яковлева Анастасия қатысты. Жарысқа барлығы 52 мемлекеттен 471 спортшы қатысты. Оның ішінде Ұлттық құрама командадан 22 спортшы ел намысын қорғады.
Жарыс қорытындысы бойынша, Қазақстан Республикасының құрама командасы 1 алтын, 4 күміс және 6 қола медальдарға қол жеткізді,
Жамбылдық спортшылар Әбілхасымқызы Салтанат 100 метр жүгіруде 1 орынды жеңіп, 200 метр жүгіруде 2 орынды иеленді. Яковлева Анастасия 100 метр және 200 метр жүгіруде қола медальдарды иеленді.
Спортшыларды дайындаған жаттықтырушы: Мамашаев Тахир Рахимович.
Құттықтаймыз!!!
ТҚАЗ - Тірек қимыл аппараты зақымданған
көз сырқаты - Көру қабілеті төмен
есту қабілеті төмен
көз сырқаты - Көру қабілеті төмен
есту қабілеті төмен