Дзюдо күресінен есту қабілеті төмен спортшылар арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты
2019 жылдың 4-7 маусым аралығында Алматы қаласында дзюдодан есту қабілеті төмен спортшылар арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.
Қазақстан Республикасының чемпионатына басшылық жасаған Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті.
Қатысқан командалар: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары және Ақтөбе, Жамбыл, Атырау, Ақмола, Павлодар, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарынан келген 10 командадан 95 спортшы қатысты.
Чемпионаттың мақсаты мен міндеті
-Қазақстан Республикасының есту бойынша мүгедектер арасында дене шынықтыру және спортты әлеуметтік, психологиялық және дене тәрбиесімен оңалтудың маңызды факторы ретінде қалыптастыру, салауатты өмір салтын насихаттау;
-есту бойынша мүгедектердің арасында дене қозғалысын және бұқаралық спортты дамыту;
– есту бойынша мүгедек-спортшылардың арасында спорттық резервті дайындау және олардың спорттық шеберліктерін жетілдіру;
-2019 жылы спорт түрлерінен есту бойынша мүгедек-спортшылардың арасында халықаралық жарыстарға қатысуға дайындау және өткізу үшін командаларды құру және жасақтау.
Дене мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған спорт клубынан 5 спортшы қатысты.
Спорт клуб спортшыларының жекелей нәтижелері:
Ерлер арасында
Тугелбаев Айдос 73 кг-1 орын Қабылбеков Рахымберли 100кг-2 орын |
Әйелдер арасында
Краморова Анна 78 кг -1 орын;
|